«Сәлеметсіздер ме! Облыстық аурухананың медбикесімін, инфекциялық бөлімде жұмыс жасаймын. Кеше №2 емханаға COVID -19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсы болғаннан кейін үйге қайттым. Ал Instagram желісінде мені сол жерде талып қалыпты және мені реанимация бөліміне алып кетіпті деген ақпараттың бәрі жалған деп айтқым келеді. Мен қазіргі уақытта көріп тұрғандарыңыздай жұмыста отырмын. Жағдайым жақсы. Үш аптадан кейін келесі вакцинамды алуға дайынмын», — дейді медбике бейнеүндеуде.
Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Instagram әлеуметтік желісінде Талдықорғанда дәрігер вакцинаның салдарынан есінен айырылып қалды деген бейнейжазба тараған болатын.