Ауылдық жерлерде жұма намазын мешітте оқуға рұқсат берілді

Қаулыда коронавирустың таралу бойынша «жасыл» аймақтағы мешіттердің жұмысына рұқсат берілген.

Мешіттерде толымдыдығы 30%-ке дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес уақыт намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етіледі. 150 адамға дейінгі мешіттерде толымдылығы 25%-тен аспаған жағдайда,  ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат, — делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

«Сары» және «қызыл» аймақтағы діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде санитария-дезинфекция режимін сақтау алгоритмі жазылған.

Онда жатқан адамдарға ұзақ мерзімді кездесулер тоқтатылды. Егер кездесеуге келген туысында ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы анықтамасы болса, қысқа уақытқа рұқсат берілді.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымында жүкті әйелдер мен 65 жастан асқан қызметкерлер оффлайн жұмыс істемеуі керек.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.