Басты бетМедицинаCOVID-19-дан бір...

COVID-19-дан бір аптада қайтыс болғандардың көбі — алматылықтар

Қазақстанда бір аптада 64 адамның өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды.

Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстоваралық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 14 өңірде тіркелді:

Алматыда — 23;
Павлодар облысында — 8;
Алматы облысында — 6;
Қарағанды облысында — 6;
Нұр-Сұлтанда — 4;
Шымкентте — 4;
Ақмола облысында — 3;
Шығыс Қазақстан облысында — 2;
Батыс Қазақстан облысында — 2;
Қостанай облысында — 2;
Атырау облысында — 1;
Жамбыл облысында — 1;
Маңғыстау облысында — 1;
Қызылорда облысында — 1.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 2 582 (5 ақпандағы дерек) адам қайтыс болды.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда инфекцияның 1 186 дерегі тіркелгені хабарланған еді.