Елімізде кеше коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте 11 адам коронавирустан, 2 науқас пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда 27 886 адам короновирус инфекциясынан (16 854 адам КВИ+ және 11 032 науқас КВИ-) емделіп жатыр. Оның 5 799-ы станционарда, 22 087 пациент амбулаторлық деңгейде, — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус және пневмония жұқтырғандардың 259-ы ауыр жағдайда, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр. 53 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.