Қазақстан азаматтары наурызда неше күн демалады?

Қазақстандықтар бұл айда сенбі және жексенбіні қоспағанда 8 наурызда демалады. Өйткені бұл — Халықаралық әйелдер күні. Мереке күні дүйсенбіге сәйкес келгендіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан демалады.

Ал Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар 20, 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады. 20 наурыз жексенбіге түскендіктен демалыс күні сәрсенбіге 24 наурызға ауыстырылды. Осылайша Наурыз мейрамы кезінде Қазақстан азаматтарына қатарынан бес күн демалыс беріледі.

Айта кетейік, биыл аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 120 демалыс күні бар.