Нариман Жүнісов Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бұйрығымен Нариман Жүнісов Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Нариман Жүнісов 1981 жылы туған. 2003 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін, 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін  бітірген. 2019 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін  «балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы жекеменшік секторда бастаған. 2007-2013 жылдар аралығында Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары,

2014-2016 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары,

2016-2019 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы,

2019 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы,

2019 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болды.