Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне төраға тағайындалды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Тынысбеков мұның алдында Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ол 1964 жылы Алматы облысында туған. 1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған трестінің спорт нұсқаушысы болып бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, педагогика бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

1991 жылы ҚР мемлекеттік органдарында еңбек жолын бастады.

Мемлекеттік салық инспекциясы шаруашылық органдарының салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы,

Қаржылық бақылау комитеті бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры,

1994-1996 жылдары  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры,

1996 жылы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры,

1996-1998 жылдары Алматының Түрксіб ауданы бойынша салық инспекциясында жұмыс істеді.

1998-2000 жылдары Алматының Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары,

2000-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы,

2002 жылдан 2019 жыл аралығында Қаржы министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.