Басты бетҚоғамАуа райы:...

Ауа райы: алдағы 3 тәулікте күн жылы болады

Болжам бойынша Қазақстан аумағына Атлантика циклоны ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын жауады, солтүстік өңірлерде қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін.

Сонымен бірге көктайғақ, тұман болады және бүкіл ел бойынша ауа температурасы көтеріледі, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.