Алматының өрт сөндіру қызметіне 2 ақпан күні 18.52-де Бостандық ауданы Сәтбаев көшесі 159 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы шақыру түскен.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, техникаға қызмет көрсету орталығынан шыққан өртті cөндipуге және одан әрі таралуын болдырмау үшiн 2 әскери учаске жұмылдырылылған.
Алдын ала ақпарат бойынша 20-ға жуық автокөлік өртенді: 4 көлік зақымдалды, тағы 15-і эвакуацияланды. Ғимараттың жалпы ауданы 1300 шаршы метр болған, оның шамамен 600 шаршы метрі өртеніп кетті, — делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт cөндipу кезінде жарылыс болған. Жақын тұрған гараждар мен жанармай құю станциясына да өрт таралу қаупі туындаған.
Тiлсiз жау 23 сағат 09 минутта оқшауланып, 23 сағат 47 минутта сөндipiлдi. Жанар-жағар май бекетiне оттың жайылуына жол берiлмедi. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттiң шығу себебi анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті үндеу жасады. Мамандар көлік жөндеу орындарында өрт қауiпсiздiгi eрежелерi қатаң сақталуы керек екенін ескертті.
Техникаға қызмет көрсету орталықтарында автокөлiктердi өртке қарсы жолақпен орналастыру керек. Өрт сөндipудiң алғашқы құралдары мен сүйреуге арналған тростар болуы шарт, — делінген хабарламада.