Халықты баспанамен қамту жұмыстыра жетілдіріледі. Тұрғынүй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді.
Жалға берілетін тұрғынүй құрылысына жеке инвестиция тарта отырып, жаңа тетік әзірленеді. Сонымен бірге кредиттік тұрғынүй құрылысының көлемі ұлғайтылып, «5-10-20» жобасы жалғасады, – деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, тұрғынүй бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын 420 млрд теңге қажет. 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге жұмсалады.
Бұл жыл сайын белгіленген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады, – деді министр.