Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы дәрі ектірді. Олар «Спутник V» вакцинасын 1 ақпан күні таңертең Нұр-Сұлтанның №6 қалалық емханасында салдырды.
Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпан, бүгіннен бастап COVID-19-ға қарсы ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды.
Әуелі инфекция ауруханаларының, жедел жәрдемнің, санитарлық эпидемиологиялық қызметтің, жансақтау бөлімінің қызметкерлері дәрі ектіреді.