Қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Кездесу 10 раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі.

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтті. Мұнда жеңімаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді.

Ахмедов рингке Мексикада алғаш рет шығып отыр. Спортшы өткен 10 кездесуін Канадада, тағы біреуін Қазақстанда өткізген. Ол канадалық Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.