Назарбаев Михаил Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

Ол өз ісінің кәсіби маманы еді, үлкен жұмыс тәжірибесі болды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесінің БАҚ саласындағы лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саланың дамуына зор септігін тигізіп, сапа мен кәсіпқойлықтың жаңа стандарттарын енгізуге үлес қосты, — делінген жеделхатта.

Еске салайық, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 30 қаңтарда жүрек талмасынан қайтыс болған.