Алик Шпекбаев 5 вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты

Алик Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылы түрлі лауазымдағы 210 басшы қылмыс жауапкершілігіне тартылған.

722 адам сотталды, оның ішінде 1 облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. 5 вице-министрге, 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сонымен бірге квазимемлекеттік ұйымдардың 5 топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, — деді ол алқа отырысында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мәліметінше, былтыр 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыстың, сонымен бірге жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің жолы кесілді. Сотта Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 4 іс қаралады.