Мұхтар Әбіләзовтың тағдырын француз соты шешеді

Әбіләзов Францияда 2013 жылғы 31 шілдеде ұсталды. The Real Deal веб-порталының хабарлауынша,   американдық бизнесмен және Chetrit Group компаниясының тең иесі Джо Четрит Қазақстаннан екі сыбайласымен бірге ұйымдасып, ақшаның ізін жасырудың халықаралық кестесіне қатысты деп айыпталып отырғаны белгілі болды. Аталған кестенің аясында Четрит Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен «БТА Банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің Нью-Йорк қаласында жылжымайтын мүлікті сатып алуын ұйымдастырып, сол арқылы 40 миллионға жуық долларды жылыстатуға көмектесті.

Дүйсенбіде Алматы қаласы мен «БТА Банк» Манхэттен сотына талапарыз берді. БТА Банк, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде АҚШ-та М.Әбіләзов пен В.Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған ондаған миллион доллар бұғатталды.

Жұмысын Қазақстан Әділет министрлігі үйлестірген заңгерлік кеңесші   сотты Нью-Йорктегі федералдық сот осы мәселе бойынша талқылау үшін құзыретті орган болып табылатынына сендірді. Істі тоқтату бойынша жауапкерлердің барлық дәлелдерін сот қабылдамады. Осылайша, АҚШ-тан заңсыз ақша әкету әрекетінің жолы кесілді.

Айта кетейік, БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Қазақстанда, Ресейде, Украинада 11 бап бойынша айыпталған. 2009 жылғы 6 наурызда Әбіләзовке  халықаралық іздеу жарияланды, өйткені ол ҚР Қылмыстық Кодексінің  235-бап 4-бөлігі, 176-бап 3-бөлігі, 177-бап 3-бөлігі, 193-бап 3-бөлігі, 220-бап 1-бөлігі, 228-баптарда көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталды.

ДереккөзҚазАқпарат