«2005 жылдан бері шәкіртақы саны көбейіп, 3 мыңға жетті. 2005 жылдан бері шәкіртақы алып, елге оралмай қалғандардың саны — 155 адам. Олардың қарызы — 1,9 миллиард теңге. Шамамен 500 миллионы қайтарылды. Бұл адамдардың ақшаны қайтару бойынша мәселесі жоқ», — деп түсіндірді Мелдешов.
Оның айтуынша, 2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жоғары мамандандырылған кадрларды дайындауға 231 шәкіртақы берілген. Қазіргі уақытта 25 елде 1 277 стипендиат оқып жатыр. 23 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша ұлттық экономика салаларында 9 339 маман дайындалған, олардың 2 мыңнан астамы инженерлер, екі мыңға жуығы мектеп және ЖОО оқытушылары, ел өңірлерінің 600 дәрігері, 400 мемлекеттік қызметкер, шығармашылық саласындағы 200 жұмысшы және ұлттық және жеке компаниялардың екі мыннан астам маманы.