Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы авиациялық...

Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жақсарды — Еурокомиссия

«Аталған шешім Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің 2016 жылдың 23 қарашасында Брюссельде өткен отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Отырыс кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жағдайы туралы ақпарат берді. Мұның алдында, ағымдағы жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Еуропалық комиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамассыз ету ісіне техникалық бағалау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарын нәтижелі ендіргені дәлелденді. ИКАО талаптарына сәйкесу деңгейі 65 пайыздан 74 пайызға жеткізілді, ал орташа еуропалық стандарт 76 пайыз», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «қара тізімге» «Эйр Астанадан» басқа, барлық әуе компаниялар кірген болатын. Ал, «Эйр Астана»  «қара тізімнен» 2015 жылдың желтоқсанында шығарылған еді.

Дереккөзtengrinews.kz