Басты бетЖаңалықтарРақымшылық жасау...

Рақымшылық жасау туралы заң Назарбаевқа жолданды

Сенат қабылдаған бұл құжатта заң бұзған 28 мың қазақстандыққа рақымшылық жасалу қарастырылған. Мұндай санды Бас прокуратураның өкілдері айтты. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, түрмеде жазасын өтеп жатқан шамамен 1800 сотталушыға рақымшылық жасалады. Сондай-ақ, 5000 сотталушының жазасын өтеу уақыты қысқартылатыны айтылады. Айта кетейік, осыған дейін Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы бастамашылық еткен заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.

Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады. Сондай-ақ, заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады, бұл қылмыстық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді.

Дереккөзtengrinews.kz