Басты бет Жаңалықтар Елімізде дағдарысты көтере алмаған отбасылар балаларын тастап кетіп жатыр

Елімізде дағдарысты көтере алмаған отбасылар балаларын тастап кетіп жатыр

Доллардың шарықтауынан туындаған қымбатшылық салдарынан қазақстандық отбасылар күйреп жатыр. Еліміздің белді психолог мамандары мен халыққа психологиялық қолдау көрсететін орталықтар осылайша дабыл қағуда.

Мамандардың сөзінше, жоқшылықты көтере алмаған азаматтардың психикасы тез бұзылып, ашушаң болып кеткен. Салдарынан жанұяда күнде жанжал, қала берді ер азаматтардың араққа әуестігі де көбейген.

«Біздің орталыққа 3 әйел келді. Бірінде – 5, енді бірінде – 3 бала бар, ал біреуінің аяғы ауыр. Барлығы балаларынан бас тартып, бізге алып қалыңдар дейді. Әрқайсысымен психологтар сөйлесіп жатыр. Аналардың айтатындары – балаға тамақ тауып беру қиындаған. Жалғызбасты ана болса, бір сәрі, отбасы толыққанды. Бірақ ер азаматтың тапқан жалақысы ештеңеге жетпейді. Бірі табысымыз пәтер ақысына кетеді десе, енді бірі несие төлей алмай жатырмыз деген сияқты жауап қатады. 150–сенім нөміріне күніне 60-70 адам қоңырау соғады. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта жанұяның экономикалық жағдайы нашарлауынан ажырасауға дейін барып жатқандар көбейді», – дейді Қазақстандағы «Дағдарыстық орталықтар одағының» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова.

Маман отбасылардың ақша тапшылығына тап болуының себептерін де жасырмады.

Барлығының түсінігі бойынша, дағдарыс өмір бойына жалғасады

«Себебі, мектептегі бір уақыт берілетін ас тоқтатылғалы, отбасының шығыны артқан. Тіпті баланың күндік тамақ ақысы үшін 150-200 теңге тауып бере алмай отырған отбасы көбейді. Аш қалған бала жылайды, осыған бола ата-ана ұрсысқа барады. Тағы бір қауіпті топ пайда болды. Олар жұмыссыз жастар. Диплом бар – кәсібі жоқ. 2 ай жүреді тұрақты жұмыс болмаған соң не қылмысқа, не өзіне өзі қол жұмсауға бел байлап, бізге хабарласады. Барлығының түсінігі бойынша, дағдарыс өмір бойына жалғасады, ал ол – өмірдегі ең жолы болмаған соңғы адам», – дейді Байсақова.

^3F7DCE1C8AE408F7D85F221F18F080D89EF3235E9FBA2678B0^pimgpsh_fullsize_distr

Байсақова сондай-ақ араққа тойып алып, телефон арқылы көмек сұрайтын ер азаматтар барын да айтады.

Біздің ел онсыз да ажырасу жағынан әлемнің алғашқы ондығында

«Оларды түсінуге болады. Сау кезінде хабарласып кеңес алуға батылы жетпейді және менталитеті жібермейді. Айтатындары – жұмыстан қысқарып қалдым, ақша жоқ, үйдегілер осыны түсінбейді тағысын тағылар. Олармен жұмыс жасау қиын. Себебі, ер азаматтар ашық сөйлеспей жасырынып, сұрақ қойсақ телефонды тастай салады. Оларға психологтың көмегіне жүгінгеннен гөрі, арақ ішіп келіп, отбасыны ойрандаған жеңілірек көрінеді. Менің айтарым мемлекет тездетіп осыған көңіл аударуы керек. Біздің ел онсыз да ажырасу жағынан әлемнің алғашқы ондығында», – дейді маман.

Ал психолог Анна Құдярова болса, дағдарыс кезінде ажырасқан отбасылар артады деп отыр. Сондықтан да қиындыққа тап болған кез-келген отбасы мүшелеріне маман өз кеңесін берді.

Дағдарыстың да уақытша екенін естен шығармаған абзал

«Дағдарыс өмір бойына қалмайды. Оны сіз қыстың ең аязды, ызғарлы күні секілді қабылдаңыз. Қатты суықтан соң міндетті түрде көктем келеді ғой. Сол секілді дағдарыс та өтпелі кезең. Қалтаңызда көк тиыныңыз болмаса да досыңызды,  жақыныңыз, я болмаса отбасыңызды алып, сыртқа серуенге шығыңыз. Тіпті тауға дейін жаяу баруға болады. Бұның өзі миды сергітіп, жаман ойдан арылтады. Егер, жаяу жүргіңіз келмесе, кітапханға барып, кітап оқыңыз. Ол да көмектеседі. Мен алдыма келіп, қиындыққа түстім, құрыдым деген адамдарға айтамын: “сенің өмірің – гүл. Сенбесең, ана көшеде үйсіз жүрген адамдармен өзіңді салыстырып қара”. Сонда олар бірден тәубесіне келеді. Адамның дені сау болса, әлі талай жеңіске жетеді, оған сену керек. Дағдарыстың да уақытша екенін естен шығармаған абзал», – дейді психолог Анна Құдярова.

Балаларынан бас тарту, ажырасу жағдайларының көбеюі тек Алматыда байқалып жатқан жоқ. Өткен аптада талдықорғандық 7 балақай бір күнде ата-анасыз қалған.

Ал оңтүстік астанадағы кәмәлет жасына толмағандар орталығының басшысы Раушан Қайыржанова соңғы уақытта 5 баладан ата-анасы бас тартып, көшеге тастап кеткенін айтады.

«Қазір біз 5 бүлдіршіннің ата-анасын іздеп жатырмыз. Табылмады. Тастап кеткен балақайдың ең кішісі – 3 те болса, үлкені – 7-де. Барлығының дені сау. Алайда әке-шешелері неге бас тартқанын білмейміз. Жақын арада оларды тауып, себебін білеміз деп ойлаймын», – дейді Раушан Қайыржанова.

21 пікір

  1. Дагдарыс биз ушин омирлик кесип тагайындап койган жаза сиякты. Жокшылыктан типтен олгин келет. Жумыссыздардын коби карапайым отбасылар. Ойбуй отырып алып жылай берет тирлик етсе келедигой колдарынан дегендерге айтарым былшылдапсындар.

  2. ар адам сол жагдайды оз басынан откизбейнше тусинбейди. бирак балаларды жетим калдыруга болмайды.

  3. бұданда ауыр кезде кішкентай 2 баламды үйге қамап кетіп базарда тұрып сауда жасап балдарымды аш қылмадым

  4. Балдарын далаға тастамай,арнайы интернаттарға апарып тапсырса болады ғой,көздерін бақырайтып көшеге тастағанша.

  5. дагдарыс деп коркамыз мунай тусип кетти деп коркамыз бирак бензин неге арзандамайды? осы кезге дейн тузелмеген елдин жагдайын енди тузей кою онай болмас

  6. Аш болса да бала əке-шешенің жанында тоқ емеспе.Байғұстардың көздерін жəутеңдетіп дала тастағандары несі.

  7. Калада турып неге жылайд кайыршымыз деп. Ауылга барып мал бакса, бакша ексе, ари балдарын енбекке тарбиелейди, ари аштан олмейди.Ел иши алтын бесик деп баягыдан айтылмай ма? Тапкан табысын патерге берип, ишейн десе ас жок, кейин десе киим жок семья багатын еркек жок катындар баласын кангыртып дала га тастап не сорлап жур. Казир семьялы малшы таба алмай журген адамдар коп кой.Тыгырыктан шыгуга болады гой.Аспанга карамай жерге тагзым етиндерсейш. Алла барин беред сабыр керек.

  8. Қырық жыл қырғын болсада ажалды өлер деген, ел-жұртқа сабыр берсін деп тілейік.

  9. ЕҢ ЖЕҢІЛІ АҚЫЛ АЙТУ , БІРАҚ ТАУЫП АЙТУ КЕРЕК . ЖҰМЫС КӨП НЕГЕ ІСТЕМЕЙДІ ДЕНГНДЕРГЕ АЙТАРЫМ КӨТТЕРІН ҚЫСЫП ЖҮРСІН . СЕБЕБІ АШТЫҚ ҮЙІҢДІ БІР ЖАЙЛАСА , КӨРЕСІҢ . СЕН ЖҰМЫС ТАУЫП , ОНЫҢ АЗҒАНТАЙ АЙЛЫҒЫН АЛЫП ҮЙІҢЕ ӘКЕЛГЕНШЕ БАЛАЛАРЫҢ НЕМЕН ҚОРЕКТКЕНДІ . МІНЕ СОДЫҚТАН ҮЙІҢДІ АШТЫҚ ЖАЙЛАҒАН КЕЗДЕ КІМНІҢ АҚЫЛЫ САҒАН АҚША БОЛАДЫ . ЕҢ БІРІНШІ ҚАРА ЖҰМЫСШЫНЫҢ АЙЛЫҚ ТАБЫСЫН ӘКІМНІҢ АЙЛЫҒЫМЕН ТЕҢЕСТІРІП , ӘКІМНІҢ АЙЛЫҒЫН ОТЫЗ МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ТҮСІРУ КЕРЕК . СЕБЕБІ ӘКІМ АЙЛЫҚ АЛМАСАДА БАЙЫП КЕТЕДІ . ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАНДАР ӘДЕЙІ ҚОЛДАН ЖАСАЙДЫ , СЕБЕБІ ХАЛЫҚ ОЛАРҒА ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ , БҰНДАЙ ҚҰЙТЫРҚЫ ІНДЕТТІ КӨПТЕГЕН ЕЛДЕР ҚОЛДАНАДЫ . БҰНДАЙ ІНДЕТКЕ ҰРЫНБАУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ АШЫҚ БОЛУ КЕРЕК .

  10. Ириген шириген укиметтен кайыр болмаса халык не истеуи керек . Барин калдан жасап отырса жемкорлыкпенен халыкты тонап ….

  11. коп балалы аналар кайтып баксын балаларын енди ?Казактын санын кобейтиндер деп беретини 8мын торт балага,жолга журетин билеттиде алып койды емеспе.Жалгызбастысынба жокпа онда ешкимнин шаруасы да жок.????

    • Соны айтам, баласы аш отырса, кітапханаға бар, серуенде дейді! Өзі аштық пен жоқшылықтың не екенін білмейтін психологтар аузына келгенді сөйлей бермесінші! Мына үкімет халықты әбден тығырыққа тіреді ғой! Ұялмай ішкен жегенін айтады жоғарыдағылар тағы! Мен қор құрдым аз болса да көмек жасайын ақшасы барлардың көмегімен деп, бірақ бәрі өтірік болды…. Байлардың бәрі жылауық

  12. Ия Бауырлар ,Əр жанның өз қиыншылығы өз тірлігі бар, бəрінің жағдайын білебермейтін Басшымыз бар,барінің арманы шығар байыб кетсем жетімдерге асыраб ,уйі жоқтарға уй,мүгедектерге арнайы жагдай қайрымдылық қоры тағысын-тағы…дегендей жағдайларын жасаймыын деймізғой,Балық басынан шіріб отыр емеспе, Ибрахим сөзіңізге қосыламын. .Əркім өз қалтасын ойлайды,.айта берсем сөзім сыймас

  13. Осы тастап кеткен балаларды баласы жоқ адамдар асырап алғысы келетіндер де бар ғой, неге соларға жағдай жасамасқа. Сонда бізде панасыз балалар, баласыз ата-аналар болмас еді. Жылдар бойы кезекте тұрсада, бір балаға қолдары жетпей жүргендер қаншама? …

  14. бул маселени казак зияалыры мемлекеттк занмен карау керек карапаиым адамды ким тындаиды казакпын деп биликте отырган азаматар оиламаса казак деген улт жогалса не болады балык басынан шриди деген осы ата бабам алып берген жерден аиырламыз сосын ултымыздан аиырламыз мангуртенп барамыз биликтен колдау керек бизге сонда отбасы бутин болады адамын бары бирди емес кудаидын берген тагдыры бар бугин бар дуние ертен жок тек сенуде киын сондада бир аллага сиыну керек деп оилаимын одан баска амал жок амин

  15. Балаларын тастагандары дурыс болмады. Бул омирде бай Адам ол акшасы бар Адам емес ол озиннин от басы ол балашага мейли дагдарыс мунын бари уакытша омирде бари бир калыпта бола бермейдигой озгеристер болып турады дагдарыс деп балапандардын не жазыгы бар еди бул тек бир алланын сынагыгой тек шыдамдылык керек менде 5 балам бар бесеуи бес турли сурак коят анашым биз неге мектепте ас ишпеймиз дейт ал кишилерим анашым бизге неге алма алып бермейсин дейди арине балаларыма дагдарыс деп айтпаймынгой Акеннин тапканына шукир ету керек дейм Аллана шукур балаларым тусинеди курметти ата-аналар балаларынызды акша жок тамак деп тастаманыздар бул тек бир алланын сынагы

  16. Уйде жеуге тамак болмаса, кайдагы кыдыру, кайдагы тау, психологтар да куа береди екен. Таудан келген сон да тамак ишу керек кой.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version