Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, былтыр 156 ана өлімі тіркеліп, өлім-жітім 2,8 есе көбейді.
Үкіметке облыс әкімдіктерімен бірлесіп және кәсіби қауымдастық мүшелерін тарта отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымында инвентаризация жүргізуді тапсырамын. Босандыру және жансақтау бөлімдеріне, олардың медицина жабдықтарымен, дәрі-дәрмекпен, қажетті бұйымдармен қамтамасыз етілуіне басымдық беру керек. Бас прокуратураға осы мәселе бойынша іріктелген тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Оның қорытындысы бойынша кінәлі адамдарға қатысты шара қабылдау қажет, — деді мемлекет басшысы.