Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Осыған байланысты осы өңір әкімдері тиімді қосымша шектеу шараларын қабылдап, олардың сақталуын бақылауы қажет, — деді Алексей Цой.
Қазақстан COVID-19 жұқтыру бойынша дүниежүзі рейтингінде 1 миллион адамға шаққанда 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Өлім бойынша 97-орында, COVID-19-ға тест жасатқандар саны бойынша 69-орында, жазылып шыққандар саны бойынша 87-орында, ауыр жағдайлар саны бойынша 50-орында.
Пандемия басталғалы бері Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 179 720 науқас және КВИ- нәтижесімен 47 445 дерек тіркелді. Науқастардың 87%-і жазылды. Бүгінгі таңда инфекция стационарларының жүктемесі — 31%, реанимация төсек-орындардың жүктемесі — 19%, — деді ведомство басшысы.
Алексей Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын матрицаға сәйкес эпидемия жағдайына бағалау жүргізеді.
26 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл аймақта» 8 өңір бар: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан және Алматы.
Министрдің мәліметінше, республика бойынша 2020 жылдың қараша айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны көбейді, желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда 1,2 есе көбеюі байқалды. Орташа өсу үрдісі қаңтар айында да сақталды. Мысалы, қаңтар айында коронавируспен ауырудың 24 247 дерегі тіркелген. Шығыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлерде ауру жұқтырғандар саны көбейген.