Қазақстанда коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмек бағасы 27% төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мұндай нәтижеге Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істегеннен кейін жеткенін айтты. Сонымен бірге «Халық денсаулығы туралы» кодекске түзетулер енгізу, атап айтқанда, бөлшек сауда нарығындағы бағаларды реттеуді жою жоспарда бар. Министрдің айтуынша, осының арқасында бөлшек сегменттегі бағаны төмендету үшін қосымша негіз құруға болады.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы баяндады.

Қазір нақты жоспар әзірленді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында. Біз құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен депутаттар қатарынан 23 адам кіретін қоғамдық жұмыс тобын құрдық. Сондай-ақ, біздің «СҚ-Фармация»-ның бақылаушы кеңесі қосымша қоғам өкілдерін де қосты. Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді электрон сатып алуға көшу өте маңызды. Қазір ол толықтай электрон. Биыл біз дәрі-дәрмектерді сатып алу процесін толығымен автоматтандыруды және оны 100% жаңа форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз, бұл да пайда береді, — деді ол.

Алексей Цойдың айтуынша, осы өзгерістердің арқасында былтырмен салыстырғанда шамамен 32,7 миллиард теңге үнемделді. Сонымен бірге «СҚ-Фармация»-ны қайта жүктемелеудің жеке бағдарламасы әзірленді. Қазір дамудың жаңа стратегиялары жасалды.