Басты бетМедицинаҚазақстанда тағы...

Қазақстанда тағы 1 266 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек Ақтөбе облысынан өзге өңірдің бәрінде тіркелді. Ақмола облысында 215, Павлодар облысында 197, Алматыда 132 адам COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 21 576(+91);
Алматыда — 21 408(+132);
Шығыс Қазақстан облысында — 19 880 (+45);
Атырау облысында — 15 682(+84);
Қарағанды облысында — 13 387(+79);
Павлодар облысында — 12 109(+197);
Батыс Қазақстан облысында – 10 490(+97);
Солтүстік Қазақстан облысында — 10 324(+110);
Ақмола облысында — 9 733(+215);
Қостанай облысында — 9 591(+104);
Алматы облысында — 8 862(+71);
Шымкентте — 5 803(+7);
Жамбыл облысында — 5 447(+21);
Түркістан облысында — 4 010(+8);
Маңғыстау облысында — 3 973(+2);
Ақтөбе облысында — 3 898(+0);
Қызылорда облысында — 3 547(+3).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 179 720-ға жетті, оның 2 495-і қайтыс болды, 161 758-і ауруды жеңді.

COVID-19 белгілері бар пневмония

24 қаңтардағы мәлімет бойынша 8 дерек тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. 37 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47 445 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 558-і қайтыс болды, барлығы 35 220 адам жазылып шықты.