Димаштың жаңа бейнебаянының тизері шықты

«Бұл қаланың аспанын бұлт торлаған. Халық қорқынышты Цитадельдің қысымынан шаршаған, ауыр күрсінген. Бейне бір бұл жерде уақыт тоқтап қалған сияқты, болашағы бұлыңғыр. Бір кезде батыл және осыншалық ұқыпсыз әрекетті шешетін адам келді. Цитадельге шабуыл жасап, ол қалағанын алады. Бірақ бұл қадам қаншалық сәтті? Ал басты кейіпкер ол үшін қандай баға беруі керек?»

Экшн, драма, таңданыс, уайым. Әншінің «Golden» композициясына арналған бейнебаяны көрерменге шығармашылық жолында бұрын соңды болмаған мүлдем жаңа және ерекше форматта ұсынылады.

«Шығармашылықтың шекарасы болмауы керек. Біз артистер әрдайым таңдандыруымыз қажет. Өйткені бұл – біздің мамандығымыз», – дейді Димаш.

«Golden» музыкалық бейнебаянының премьерасы жақында өтеді.

«Golden» композициясын барлық музыкалық платформаларда тыңдауға және сатып алуға мүмкіндік бар.