ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Бисақаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.
Оның орнына Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.
1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымды атқарды.
2008-2012 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы, 2012-2013 жылдары Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, 2013-2015 жылдары ҚР президент әкімшілігі басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Шымкент әкімі, 2017-2018 жылдары «Нұр-Отан» партиясының хатшысы, 2018-2019 жылдары Шымкент әкімі болды.
2019 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.