2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау мерзімі ұзарды

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін созды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз, – деді Ұлттық банк өкілдері.

2000 теңге

5000 теңге

10000 теңге

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент пен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%-і) және 5 000 теңгелік (27%) банкноттар болды.