Алдағы 3 тәулікте оңтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр жауады

Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуынан республиканың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын мол түседі.

Оңтүстікте және шығыста, сонымен бірге орталықта екпіні өте күшті жел тұрады, кей өңірде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 25-30 градус аязға дейін төмендейді.