Актер Әлімғазы Райымбеков қайтыс болды

Бұл туралы актердың қызы Сурия Райымбекова айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

Актер 19 қаңтарда 86-ға қараған жасында өмірден озды. «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлімғазы Райымбековті жерлеу рәсімі ертең Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

Актер былтыр 20 желтоқсанында 85 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар.

Актердың фильмографиясында «Қан мен тер», «Ән қанаттары», «Асуда», «Көк маршрут» сияқты 10-нан аса танымал картина бар.