Қасым-Жомарт Тоқаев 8 жауапты хатшыны қызметінен босатты

«Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:

Жанат Қожахметов — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Оразаев — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Сәрсембаев — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Құрманғалиева — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Ашуев — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Нөпіров — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Жұмабеков — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Момышев — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды», — делінген жарлықта.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жауапты хатшылар институтын жою керек екенін, олардың міндеттерін министрлік аппараты басшыларына жүктелуі қажет екенін айтты.