0%

Басты рольдегі Тайлақ пен Айшаны сомдаған актерлар ең алғаш рет қай фильмге бірге түсті?

Дұрыс! Қате!

Әлімғазы Райымбеков пен Шолпан Алтайбаева режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің кино өнеріндегі алғашқы туындысы "Ән қанатында" фильміне түскен. Бұл 1965 жыл болатын. Ол кезде Шолпан 11-класта оқып жүреді. Әлімғазы Райымбеков Қажымұқан ролін, Шолпан Алтайбаева бас кейіпкер Мұсаның ғашығы - Ләйләні сомдаған.

Әмина Өмірзақова Айша роліндегі Шолпан Алтайбаеваға көбіне қай сөзді жиі айтқан?

Дұрыс! Қате!

Шолпан Алтайбаева бір сұқбатында былай дейді: - Бір сырдың шетін арада елу жыл өткенде аздап ашайын. Әмина апай Шәкен ағаны менен қатты қызғанатын еді. ... Рас, мені онша ұнатпайтын-ды. Ылғи маған: "Әй, келдің бе, актриса погорелого театра?!" – дейтін.

Тайлақ қай пәннің мұғалімі еді?

Дұрыс! Қате!

Тайлақ - алпамса денелі, періште мінезді, кең пейілді жан. Мектепте география пәнінен сабақ береді.

Тайлақтың анасы Тана ұлының Айшаға үйленуіне не себепті қарсы болады?

Дұрыс! Қате!

Шәкен Айманов "Тақиялы періште" фильмінің сценарийін қайдан алған? Дұрыс емес пікірді табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Қате жауап – "Картина сценрийі ауыл жастары қалаға қызықсын деген мақсатта арнайы жазылған" деген пікір. Одан басқа үш пікір де фильм идеясы қалай келгеніне қатысты жиі айталады.

КСРО-ға фильмнің өзінен бұрын онда ойнаған әндер көбірек танылды. Тіпті композициялар жеке күйтабақ ретінде жарық көрді. "Одиссей туралы ән", "Кете алмайсың сен менен" секілді тректерді білеміз. Ән авторы кім еді?

Дұрыс! Қате!

Дұрысы - көптеген атақты фильмге ән жазу арқылы танымал болған композитор Александр Зацепин.

Фильмнің жартысы Алматыда түсірілді, ал қалған түсірілім қай қалада өтті?

Дұрыс! Қате!

Түсірілім жұмыстары сәуір айында басталады. Ол кезде Алматы қаласында қар еріп, киноның жартысын Свердловск, қазіргі Екатеринбург қаласында түсіреді.

Сыра сататын Алтыншаш Тайлаққа тұрмысқа шығуды армандап, оны ұрып кетуге адам жалдамақшы болады. Өз қиялында су жағасында ұрғызып, артынан өзі құтқарып алады. Қиялдағы Тайлақ қандай судың жағасында соққыға жығылды?

Дұрыс! Қате!

Тайлақты бассейн жағасында "ұрып кетеді". Бассейнде су болмай, өрт сөндірушілер шақырылып, бассейнге төрт-бес машина су толтырады.

Әмина Өмірзақова өнерге қалай келген?

Дұрыс! Қате!

Әмина Өмірзақова актриса болғысы келіп, Ленинградқа оқуға түскен. Ол былай болған: 1934 жылы Ленинград театр институты студенттер қабылдап жатқанын біледі. Қабылдау комиссиясын КСРО халық артисі Василий Меркурьев басқарып отырады. Қазақ қызының тым жас екеніне (ол кезде 15 жаста болған) қарап, одан дәл қазір артист шыға қоюы екіталай деп ойлаған. Дегенмен одан "өрт" этюдын ойнауды сұрайды. Әмина Өмірзақованың ойнағанына дән риза болған педагог "Актриса боласың, қызым" деген екен.

Әлімғазы Райымбеков өмірде кім еді?

Дұрыс! Қате!

Тайлақты сомдаған Әлімғазы Райымбеков кәсіби актер емес еді. Оны Шәкен Айманов "Ән қанатында" фильмінен көріп қалып, Тайлақ роліне лайық санаған. Картинада 28 жастағы бойдақ болса, өмірде жасы 32-ге келген отбасылы адам болды. Совхозда жүргізуші болып қызмет етті.

Тест: "Тақиялы періште" фильмін жақсы білесіз бе?
"Тақиялы періштені" қайталап көруге кеңес береміз 🙂

жақсы, жарайсың, керемет

Жарайсыз! "Тақиялы періште" сүйікті фильмдеріңіз қатарында сияқты

Жарайсың,үздік, бестік

Бәрекелді! Картинаның әр эпизодын жатқа біледі екенсіз!

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: