Нұр-Сұлтанда бассейнде қыз суға ағып кетті

Полиция 16 қаңтарда, сағат 10.18-де кезекші бөлімге спорт кешені бассейнінде қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскенін айтты. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ақпаратты растады.

Спорт кешені жаттықтырушы бассейнде қимылсыз жатқан қызды көргені анықталды. Ол қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасаған. Жедел жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың көз жұмғаны анықталды, — деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.

Азамат қайтыс болғанда бассейнде тағы төрт адам болған. Қыз бассейнге бір реттік абонемент алып кірген. Бұл оқиға тексеріліп жатыр.