Басты бетЖаңалықтарАлматыда QI-Trade...

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасы директорлары ұсталды

Алматының полиция департаменті тергеу басқармасы QI-Trade Kazakhstan ЖШС директорлары — 30 жастағы С. және 26 жастағы Б. деген азаматтардың ұсталғанын айтты. Олар қазір ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-тармағы бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот “қамауға алу” түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С. деген азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүріп жатыр. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсының әрекетіне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді, – деді Алматының полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.