Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры қызметіне тағайындалды

Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, — делінген жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президент — Елбасы кітапханасы директоры Әмірхан Рахымжановты қызметінен босатқан еді.