Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды

Nur Otan партиясы Парламент фракциясы отырысы өтті. Отырысқа Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Отырыс кезінде Мәжілістегі басшылық лауазымдарға кандидаттарды ұсыну бойынша фракцияның ортақ ұстанымы әзірленді. Оған сәйкес Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы орынбасарлары қызметіне Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне Жәмилә Нұрманбетова, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қанат Мусин, Қаржы және бюджет комитеті төрағасы қызметіне Марат Құсайынов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Айгүл Құспан, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметіне Альберт Рау ұсынылды, — делінген хабарламада.

Әзірше палата спикерлері бектілген жоқ. Мәжіліс төрағасы депутаттардың құпия дауыс беруі арқылы алғашқы планер отырысында анықталады.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрлан Нығматулинге фракция басшысы лауазымын ұсынған еді.