2020 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 миллиард теңге және ынтымақты зейнетақы үшін 1 триллион 721,5 миллиард теңге төленді.
2020 жылдың желтоқсанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 211,7 миллиард теңге бөлінді, оның 65,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 146,1 миллиард
теңгесі ынтымақты зейнетақыға арналған.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адам. Зейнетақы төлемінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2021 жылдың 1 қаңтарына 94 733 теңгеге тең болды, — делінген хабарламада.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілін ескере отырып жеке тағайындалады.
Оған қоса, зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастық жүйесінде жасалған жұмыс өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса және ол болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөрістің 54%-іне тең болса, онда 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөрістің 74%-іне, 30 жыл болса, ең төменгі күнкөрістің 94%-іне тең болады. 33 жыл немесе одан көп жұмыс өтілі бар болса, ол максималды мөлшерде — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде белгіленеді.
Бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарнасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай болады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық төленсе, зейнетақы алу жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.