Galaxy S21 желісі оны басқа құрылғылардан ерекшелендіретін өзге, батыл дизайнға ие. Сәнді, түпнұсқа шешім Contour Cut камерасы органикалық түрде смартфонның металл корпусына кіріктірілген, өзінің керемет көрінісімен көз тартады.
«Ақылды» Full Display (Galaxy S21-де 6,2 дюйм, Galaxy S21 + құрылғысында 6,7 дюйм және Galaxy S21 Ultra 6,8 дюймді) Dynamic AMOLED 2X 120Гц жаңарту жылдамдығымен айқын суреттер ұсынады және интеллеутуал экран контентке байланысты жиілікке бейімделеді.
Galaxy S21 Ultra-да жаңа 108MP кәсіби сенсорылы төрт негізгі (ультра кең, кең және қос телеобъективпен) камерасы бар. Алғаш рет Galaxy смартфоны негізгі объективімен де, алдыңғы камерасымен де секундына 60 кадр жылдамдықпен 4K форматында түсіреді.
Кішірейту кезінде Galaxy S21 Ultra-дағы екі оптикалық телеобъектив (3х және 10х) алыс қашықтықта да анық түсіреді.
S сериялы смартфонда алғаш рет S Pen функциясы қолжетімді — Galaxy S21 Ultra-да сурет салуға, жазбалар жасауға, фотосуреттерді өңдеуге, құжаттарға қол қоюға және тағы басқа жұмыстарды атқаруға болады.
Қазақстанда жаңа өнімдерге алдын ала тапсырыс беру 14 қаңтардан 4 ақпанға дейін жалғасады. Сатылым 5 ақпанда басталады. Алдын ала төлем жасаған тапсырыс берушілер түрлі керемет сыйлық алады: Galaxy S21 Ultra-ны алушыларға жаңа буын Galaxy Buds Pro құлаққаптары және Galaxy SmartTag трекері, Galaxy S21 / 21 + Galaxy Buds Live құлаққаптары және Galaxy SmartTag трекері беріледі.
Samsung Newsroom Kazakhstan ресми жаңалықтар сайтынан Galaxy S21 сериялары туралы қосымша ақпарат ала аласыз.