Басты бетҚоғамПрезидент жетінші...

Президент жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақырды

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген жарлықта.

Бұған дейін мемлекет басшысы 15 қаңтарда Парламентте Мәжілістің жаңа құрамы үшін сөз сөйлейтінін айтқан еді. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысы өтетінін, онда реформа мәселелері бойынша өте байсалды әңгіме болатынын айтты.