14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон әсерінен республиканың көп өңірінде жауын-шашын аз уақытқа тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.
Тек кезең соңында Жерорта теңізі циклоны әсерінен ауа температурасы жоғарылайды. Кей жерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшейеді, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады, — делінген хабарламада.