Басты бет Қоғам Мәжіліске өткен 3 партия қанша мандаттан алады?

Мәжіліске өткен 3 партия қанша мандаттан алады?

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен сайлауда 7%-тік барьерді еңсерген Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП Парламент Мәжілісінде қанша орын алатынын айтты.

Иллюстрация: Tengrinews.kz

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76, «Ақ жолда» 12, Қазақстан Халық партиясында 10, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутат мандаты бар.

Енді партиялар ұсынылған кандидаттардың қайсы Мәжіліс депутаты болатынын анықтауы керек.

Сайлау қорытындысы мынадай болды:

Nur Otan партиясы — 71,09 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 10,95 %;
«Қазақстан Халық партиясы» — 9,10 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 5,29 %;
ADAL саяси партиясы — 3,57 %.

Бірінші жалпы отырыста Мәжіліс мүшелері палатаның спикерін жасырын дауыс беру арқылы сайлауы керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте Мәжілісінің жаңа құрамына үндеу жасайтынын мәлімдеді.

Exit mobile version