AIBA Данияр Елеусіновты жыл боксшысы атағына ұсынды

Аталған тізімге Рио Олимпиадасының жеңімпаздары, соның ішінде өзбекстандық Вэл Баркер кубогының иегері Хасанбой Дусматов (49 келі салмаққа дейін), кубалық боксшы Робейси Рамирес (52 келі салмаққа дейін) және қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (69 келі салмаққа дейін) бар.

Айта кетейік, Елеусінов AIBA нұсқасы бойынша 2014 жылы әлемнің ең үздік боксшысы атанған.

Дауыс беру AIBA-ның Twitter желісіндегі ресми парақшасында жүріп жатыр және жұмада, 9 желтоқсанда аяқталады. Отандасымызға дауыс беру үшін мына жерді басыңыз.

Дереккөзvesti.kz