Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды

Дауыс беруге 504 сайлаушы қатысып жатыр.

ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚХА атынан 9 кандидатты ұсынып отыр.

1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы — VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі.
2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович — Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі.
4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна — Көкшетау облыстық білім бөлімі «Техникалық лицей» КММ директоры.
5. ЛИ Юрий Виссарионович — «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі.
6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович — «Күрдтердің «Барбанг» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович — «Шығыс» фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.
8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович — «Жетісуоблгаз» ЖШС бас директоры.
9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович — «Әзербайжандықтар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

Айта кетейік, 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Ассамблея сайлайды.