Басты бетҚоғамОсмонакун Ибраимов:...

Осмонакун Ибраимов: Халықаралық деңгейде мойындалған шекараларды ешкімнің қайта даулауға құқы жоқ

Бұл туралы ол 8 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Халықаралық Түркі академиясы өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Қазіргі Еуразия кеңістігінің ғасырлар бойығы тарихын және бүгінгі келбетін түркітілдес мемлекеттерсіз елестету мүмкін емес. Әлемнің саяси картасында біздің тәуелсіз мемлекеттер пайда болғаннан бергі отыз жылда, біз олардың заңды халықаралық құқық субъектілері әрі әлемдік контексте тәуелсіз мәдени-экономикалық құрылым ретінде толық қалыптасқандығын батыл түрде айта аламыз. Қазіргі заманда халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық шекараларды өткен тарихтың даулы мәліметтеріне, аңыздар мен мифтерге сүйеніп қайта даулауға ешкімнің қақысы жоқ, —  деді Осмонакун Ибраимов.

Айта кетейік, онлайн-офлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сонымен бірге түркі әлемінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.