9 қаңтар — Қазақстанда тыныштық күні

9 қаңтар Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды.

Тыныштық күні саяси партиялар, партия тізіміне кіретін кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары және сайлау алдындағы штабтардың жұмысы туралы қандай да бір бейнерепортаждар, мақалалар, роликтер орналастыруға тыйым салынады.

Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға болмайды.

Дауыс беру күнінен бес күн бұрын қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін және сайлауға байланысты басқа да зерттеулерді жариялауға тыйым салынады.

Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Сайлауға 5 партия қатысады.