Қазақстанда пара бергендерге айыппұл екі есе көбейді

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Енді 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (145 мың теңге) мөлшерде пара бергендерге салынатын айыппұл параның 10 есе мөлшерінен 20 есе мөлшеріне дейін ұлғайтылды.

Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан бөлек пара беру мен парақорлыққа делдал болғандардың айыппұлы да өсті. Пара бергендер үшін (50 АЕК немесе 145 мың теңгеге дейін) айыппұлдың төмен көрсеткіші екі есе өсті — параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде төлеу керек. Мысалмен түсіндірейін: азамат 100 мың теңге пара бергені үшін сотталса, онда сот оған кемінде 2 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығара алады. Бұрын айыппұлдың төмен мөлшері 1 миллион теңге болатын», — деп түсіндірді Олжас Бектенов Антикордың Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Антикор өкілінің айтуынша, Қылмыстық кодекске тиісте түзетулер енгізілгенін айтты.

Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған «Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені» үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында — еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. Бұл дегеніңіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге мүмкіндік бермеу болып отыр, — деді ол.

ДереккөзTengrinews.kz