9-11 қаңтар аралығында оңтүстік өңірлерде күн жылиды

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Қазақстанның көп өңіріндегі ауа райына циклон жырасы әсер етеді.

Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткішке дейін көтеріледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 7-9 қаңтар күндері күн жауын-шашынсыз, бірақ аяз болатыны хабарланған еді.