2020 жылы сәбилерге ең көп қойылған есімдер қандай?

2020 жылы Қазақстанда туған сәбилерге Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, Медина, Айлин, Раяна есімдері жиі берілген. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

2020 жылы туған сәбилерге көбіне қандай есім қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында бізге баяғыдан белгілі есімдер де бар болып шықты.

2020 жылы туған ер балаларға Әлихан есімі жиі қойылған. Мұндай 4 577 жағдай кездескен. Бұл есім 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.

Жиі қойылған есімдердің екіншісі – Айсұлтан. 3 320 ата-ана ұлына осы есімді қойған.

Ал Нұрислам есімі үшінші орында тұр. Былтыр туған 2 904 балаға осы есім берілген.

Әрі қарай тізімде Әмір – 2 314 адам, Алдияр – 2 308, Әлинұр – 2 216, Әли – 2 001, Рамазан – 1 948, Арсен – 1 830, Санжар – 1 815 бала бар.

Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5 403 қызға осы есім берілген. 4 855 балаға Айлин, 4 588 қызға Раяна деген ат қойылған.

2020 жылы қыздарға қойылған сүйікті есімдердің арасында Айша  – 4 500 адам, Асылым – 4 366, Айзере – 4 293, Аяла – 4 247, Айым – 3 673, Томирис – 3 293 және Айару деген 3 252 қыз бар.