Басты бетҚоғамАзаматтар "Есіктен...

Азаматтар «Есіктен есікке» акциясы аясында кеңес алды

Осы акция шеңберінде Nur Otan партиясынан депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірілген адамдары сайлаушылар үйлеріне барып, оларды сайлау күні, сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы хабардар етеді.

Сайлаушыларға сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді, онда ауданның белсенді экономикалық дамуына қалай қол жеткізуге болатыны айқын көрсетілген.

Партия мүшелері үгіт-насихат жүргізудің бүкіл кезеңінде бағдарлама бар парақшаларды таратып, сайлау туралы еске салып отыруды жоспарлап отыр.

Ауылдық округтердің тұрғындары үйден үйді аралау кезінде партияның алдағы міндеттерін талқылап қана қоймай, өзекті мәселелер бойынша кеңес алады. Nur Otan партиясы өз алдына халықты сумен, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешу міндетін қойып отыр.

Өткен сайлаулар аудан тұрғындарының Nur Otan партиясына сенім артып және сенімді дауыс беретіндерін көрсетті.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы – елімізді және ауданымызды дамыту жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары.

Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы Есіл аудандық штабының сайлау қорынан төленді.