Қазақстан күнтізбесіне жаңа кәсіби мереке енгізілді

Бұл туралы Үкімет басшысының қаулысы 2020 жылдың 22 желтоқсанындағы қаулысы Primeminister.kz сайтында жарияланды.

Премьер-министр Асқар Мамин ҚР «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылдың 13 желтоқсанындағы заңының 4-бабына сәйкес  ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізуді қаулы етті.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні — 22 желтоқсан». Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, — делінген қаулыда.