Алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз әрі аязды болады

Бұл күндері жауын-шашын жаумайды, бірақ аяз болады. Өйткені Қазақстанның көп өңіріндені ауа райына антициклон сілемі әсер ете береді.

Тек батыста, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болады, қар жауады. Республика бойынша тұман түседі, батыста жел күшейеді, — делінген «Қазгидромет» баспасөзі таратқан хабарламада.