Геннадий Головкин тағы бір рейтинг бойынша топ жарды

SecondsOut.com — бокс туралы жаңалықтар мен сұхбаттар жариялайтын әлемдік портал. Аталған рейтингте бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0) тұр. GGG 18-наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен (32-1) кездеседі.

Екінші орынға никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО), үшінші орынға америкалық Андре Уорд (31-0) жайғасқан.

SecondsOut.com бойынша он үздік боксшылар тізімі:
1. Геннадий Головкин (36-0)
2. Роман Гонсалес (46-0)
3. Андре Уорд (31-0)
4. Сергей Ковалёв (30-1-1)
5. Василий Ломаченко (7-1)
6. Мэнни Пакьяо (59-6-2)
7. Теренс Кроуфорд (29-0)
8. Синсукэ Яманака (26-0-2)
9. Сауль Альварес (48-1-1)
10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2).

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшыны Decisión Dividida порталы да үздік деп таныған болатын. Сондай-ақ, Геннадий Головкин маркетингтік әлеуеті басым спортшылардың ТОП-50 қатарына кіреді. Бұл тізімде Геннадий Португалия құрама командасы және Реал Мадрид клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналдудан жоғары сатыда тұр.

ДереккөзSports.kz